«КҮМІС АЛҚА» ТАПСЫРЫЛДЫ

4 Октябрь 2019

«КҮМІС АЛҚА» ТАПСЫРЫЛДЫ

Күміс алқа тапсырылды

Кеше аудан әкімдігінде аудан әкімі Мәден Мұсаев 6 бала туып, өсірген Мойынқұм ауылының тұрғындары  Сеңгірбаева Айнұр Сабырқызы мен Самбетбаева Айнұр Алпысбайқызын қабылдап, олардың жағдайларымен танысты. Содан соң екі ардақты анаға Қазақстан Республикасы Президентінің 16 қыркүйек 2019 жылғы Жарлығымен наградталған «Күміс алқа» алқасын салтанатты жағдайда тапсырып, гүл шоғын ұсынды, иықтарына ақ орамал жабылды. Сондай-ақ оларға аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы  зор денсаулық, отбасы амандығын тіледі.Қабылдауға аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков қатысты.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00