МАҚСАТЫМЫЗ САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

4 Октябрь 2019

МАҚСАТЫМЫЗ САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын дамытуға деген ерекше қамқорлығының арқасында білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда. Жасалған жағдайлар нәтижесінде өткен оқу жылында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.2019-2020 оқу жылында барлығы 986 мұғалімнің 523-ы жоғары және бірінші санатты мұғалімдер. Жаңа аттестаттау жүйесіне сәйкес 80  педагог-зерттеуші, 114 педагог-сарапшы біліктілігін алды.2019-2020 оқу жылында 4, 9,10 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Демек, мұғалім балаларды осы жаңартылған білім мазмұнына көшуге дайындау керек. Оның бір жолы – білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін пайдалану, оларға барынша дербестік беру. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 612 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.Ауданымызда облыстық, республикалық байқауларға, ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орынға ие болған ұстаздарымыздың  еңбегін мақтанышпен айтуға болады. Олардың қатарында ХХ облыстық  Абай оқуларына Жамбыл мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Шәміл Несіпбай қатысып, 2-орынды иеленді. Пән мұғалімі Әлия Саурықова дайындауда  қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген Республикалық  «Алтын тобылғы»  зияткерлік  олимпиадасына ауданнан 50 оқушы қатысып,  6 оқушы 1-орынды иеленді. Пән мұғалімдері  Светлана Оспанова (М.Жұмабаев ат. м-л), Алтынай Қалымбетова  (М.Жұмабаев ат. м-л), Айдана Таханова (К.Қасымов ат. о/м), Толқын Тлеулиева (Т.Рысқұлов ат. т/м), Назгүл Жұпбаева  (Қ.Рысқұлбеков о/м),  Далмира  Дәуренбекова (Б.Момышұлы о/м).  Облыстық «Ең  үздік  мектепалды даярлық педагогы» мектепалды даярлық  педагогтарының кәсіби беделін арттыру және жас маманға қолдау көрсету,үздік педагогикалық тәжірибелерді  насихаттау барысында Ә.Молдағұлова атындағы  негізгі мектебінің педагогы  Таңшолпан Әукен  ІІІ-орынды иеленді.

Облыстық «Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі» атты байқауында М.Жұмабаев мектеп-лицейінің «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі А.Жанатова ІІІ орынды иеленді.

Аудандық байқаудың жеңімпазы және облыстық  «Дарынды балаға- талантты ұстаз» байқауына қатысқан, Жамбыл мектеп гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Балжан Жанғабыл ІІ орынды иеленді.

Техникалық балалар шығармашылық орталығының білім алушылары «Отаным -менің бастамам» тақырыбында  өткен  облыстық шығармашылық жобалар байқауына қатысып,  Ержан Мырзалиев  «Бас жүлдені»  және  Ерасыл Қайрат І орынды иеленіп, Республикалық кезең жолдамасына қол жеткізді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға ауданнан барлығы 19 оқушы 9 пәннен қатысып, оның үшеуі үшінші орынды  иеленді. Атап айтқанда, Жамбыл мектеп –гимназиясынан Мұрат Нұрмахан  география пәнінен ( пән мұғалімі К.Жиенбаева), Мадина Абжанова тарих пәнінен (пән мұғалімі Г.Бұзаубаева), Абай орта мектебінен Аружан Сыздықова қазақ тілі мен әдебиетінен (пән мұғалімі С.Дүйсеметова) III орынға ие болды.

Бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 15 балабақша мен 7 шағын орталықта 1492 бала тәрбиеленуде, ол аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 98,3%, 3-6 жас аралығында – 100%  құрап отыр.

ҰБТ-ге дайындық сапасын жақсарту бағытында  6 рет білім бөлімі тарапынан сынақ тест алынып, 23  іс-шара өткізіліп, оған 580 мұғалім қамтылды. Нәтижесінде аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа  балл  91,5 пайызды құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда  4,3 баллға      жоғары.                Аудан мұғалімдері биылғы оқу жылында жақсы бастап отыр. Басты мақсат- оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Ал ол үшін ұстаздарға барлық жағдайлар жасалған. Аудан ұстаздарын өздерінің төл мерекесі мұғалім күнімен құттықтап, бала оқытып, тәрбиелеудегі еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін.

Жайдар ЖАЗЫҚБАЕВ,

аудан әкімдігі білім

бөлімінің  басшысы.                                            

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00