МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР — МҰРАЖАЙДА

7 Октябрь 2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР — МҰРАЖАЙДА

Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Амангелді Нәметқұловтың ұйымдастыруымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан әкімі аппаратының  қызметкерлері Ж.Қуанышбаев атындағы аудандық мұражайға саяхат жасалды.Онда  мұражай экскурсаводы  Меруерт Қанқожаева табиғат бөлмесіндегі  ауданымызда қызыл кітапқа енген, аң құстарды, өсімдіктерді,  археологиялық бөлмедегі ауданымыздың картасы, Бірлік ауылының оңтүстігінен шығысқа қарай 5 шақырым жердегі «Төрткүл»қалашығынан табылған қыш құмыраның сынықтары, керамиканың түрлері, Жаз-атаның арнайы бұрышымен, ондағы Жаз-атаның өзінің жатқан төсегі, әр жылдардағы суреттері мен құжаттары, құтты ақ таяғы және  суретші Заңғар Медетбековтың  Жаз –атаның  қос ұлымен  жайлаудағы бейнесі,  Қазақ хандығын алғаш құрған Жәнібек пен Керей ханның ат үстіндегі бейнелері тағы да басқа құнды жәдігерлермен қызықты әрі түсінікті етіп мемлекеттік қызметкерге  жеткізді.Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер өздерінің сауалдарын қойып, жауаптар алды. Ауданымыздың тарихы туралы ерекше мәліметтер біліп, рухани байып, бір серпіліп қалған мемлекеттік қызметкерлер мұражайдың  қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00