МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

23 Декабрь 2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Қазіргі таңда көптеген адамдар әсіресе  дамушы елдерде, түрлі билік институттармен өзара іс-қимыл үдерісінде сыбайлас жемқорлық мәселесімен кездесіп жүр. Аталған мәселеге тікелей әсер ететін саланың бірі – ол  мемлекеттік қызмет көрсету саласы болып табылады.

Осыған байланысты өткен аптада аудан әкімдігінің ғимаратында  аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі өкілі Амангелді Нәметқұловтың төрағалығымен  мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету және «Электрондық мемлекеттік қызметтер» туралы семинарға қатысқан аудан әкімдігі және аудан әкімдігі бөлімдерінің мамандарын сертификаттау рәсімі өтті.

Аталған шарада  мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылықтары туралы айтылып, қызметтерді алуға байланысты ақпарат алудың қол жетімділігі, мемлекеттік қызметті алу рәсімдерін жеңілдету, қызметтерді алуға байланысты уақыт шығындарын қысқарту, азаматтың өтініші бойынша әр кезеңде атқарылған жұмыстардан хабардар болуы, үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуге байланысты бюрократиялық кідірістерді жою, қызмет көрсетушімен жеке қарым-қатынастан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету сынды артықшылықтары да сөз болды. Содан соң Халыққа қызмет көрсету бойынша Мойынқұм аудандық бөлімшесінің басшысы Базарбай Көшенов «Электрондық мемлекеттік қызметтер» туралы семинарға қатысқан аудан әкімдігі және аудан әкімдігі бөлімдерінің мамандары Еңлік Қалымбетова, Бек Қалыбаев, Бақыткүл Әжіғұлова, Гүлнәр Райымбекова, Талғат Алпанов, Серікболсын Нұрлыханұлы, Шайыахмет Жоламан, Сағындық Бекетұлы, Олжас Әміреқұлов, Дәнекүл Дүйсенбаева, Ернұр Надырғожин, Әлібек Биғараев, Ербол Бақберген, Серік Нәметхандарға салтанатты түрде  сертификаттар табыстады.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00