ПАРТИЯЛЫҚ ФРАКЦИЯ МЕН ПАРТИЯЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

3 Декабрь 2019

ПАРТИЯЛЫҚ ФРАКЦИЯ МЕН ПАРТИЯЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

Өткен аптада «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.  Отырыстың күн тәртібіне «2019 жылдың 25 қарашадағы партия аймақтық филиалдары өкілдерінің басқосуында партия Төрағасы Н.Назарбаевтың партия жұмысын қайта жандандыру, ядролық электоратты қалыптастыру, мәслихаттағы депутаттық фракциялардың жұмысын белсендіру бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру туралы», «Жамбыл облысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын зерделеу және жинақтау бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы жұмыс тобының қорытынды отырысының хаттамасы мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» , «Ауданда аумақтарды дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы» мәселелер қаралды. Отырысты «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртас Саурықов және партиялық балықау комиссиясының төрағасы Сүндетулла Әбілов кезектесіп жүргізді. Отырыс барысында «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртас Саурықов, аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Мақсат Мыңбаев, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сәбит Төлегенов күн тәртібіне ұсвынылып отырған мәселелер бойынша хабарламалар жасады. Хабарламаларды мұқият тыңдаған комиссия мүшелері Жамбыл Қалыбаев, Болат Сатыбалдиев, Жайдар Әйтішев, ХХХ қаралып отырған мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, оған тұшымды жауап алды. Отырыста арнайы қаулы қабылданды.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00