Партиялық жиын өтті

3 Декабрь 2019

Партиялық жиын өтті

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында өткен партия активінің жиыны филиал төрағасы, аудан әкімі Мәден Мұсаевтың төрағалығымен өтті. Партия активі жиынына партия аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі бюросының мүшелері, партия филиалы Партиялық бақылау комиссиясы, филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және бастауыш партия ұйымының жетекшілері қатысты. Активте «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев «2019 жылдың 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың  партияның аймақтық филиал өкілдерімен басқосуында берген тапсырмаларының іске асырылу барысы мен туындайтын міндеттері туралы баяндама жасады. Баяндаманы талқылауға партияның Мойынқұм аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшесі Нұртас Саурықов, «Тәлімгер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Аксана Қалыбаева шықты.

Актив жиынында партия филиалының төрағасы М.Мұсаев партия ардагерлері мен депутаттық фракция мүшелеріне  «Nur Otan» партиясының арнайы кеуде белгісін және бір топ партия белсенділеріне партия аудандық филиалы төрағасының Алғыс хатын тапсырды. Партияның марапатына аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Есболат Сыбанбаев, осы басқарманың салық төлеушілер мен жұмыс бөлімінің басшысы Лаура Баялиева, «Аула клубының» үйірме жетекшілері Әсемкүл Асқарова, Ләззат Қуантаева, Айман Нұржаубаева, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ермек Рахманқұловтар ие болды.

Актив жиынын партияның аудандық филиалының төрағасы Мәден Мұсаев қорытындылады.ПАРТИЯЛЫҚ АКТИВ

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00