ПЕШ, ГАЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТОҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ СЕБЕПШІЛЕРІ

7 Октябрь 2019

ПЕШ, ГАЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТОҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ СЕБЕПШІЛЕРІ

Өртке қарсы қызмет қызметкерлері өрттің алдын алу үшін жыл сайын жылу беру маусымы алдында профилактикалық іс-шараларды өткізеді. «Жылыту пешін дұрыс орнату және пайдалану туралы» жаднама халыққа таратылады және өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріледі.Жылыту пештерін қолданар кезінде мына өрт қауіпсіздігі ережелерін білу қажет: — тек отқа төзімді кірпіштен жасалған пешке от жағу керек, ал пештің алдындағы еденнің бетін металлмен қаптау керек;

— пешті тез тұтанатын сұйықтықпен (бензинмен, керосинмен) тұтатпау керек;

— жанып жатқан пешті бақылаусыз қалдырмауды, сондай-ақ кішкентай балаларға пешті қарауды тапсырмау керек.

— электр желісіне бір уақытта бірнеше токты пайдаланушылар электр желісіне қосылуы қауіпті, өйткені электр тартылымға артық салмақ түсуі және тұйықталуы мүмкін.  Улы газбен улану өндірістерде, желдетпесі дұрыс емес гараждарда, сондай-ақ жылыту пештері бар үй-жайларда уақытында жапқыштарды жаппауынан болады. Улы газбен уланудын алғашқы белгілері: бастың ауруы, басқа салмақ түсуі, құлақтын шулауы, жүрек айнуы, бас айналуы мен жүрек соғуы болып табылады.Улы газбен улану кезіндегі алғашқы көмек қандай? — Бәрінен бұрын зардап шеккенді таза ауаға шығарып арқасымен жатқызу қажет (жылдың күн жылы уақытында далаға, ал сал-қын кезде желдетілген бөлмеге, баспалдақ торына );

— жігерлі қимылмен зардап шеккеннің барлық денесін сипау;

— басына және төсіне суық компресс қойылады;

— егер зардап шеккен ес түсінде болса оған жылы шай беру ұсынылады;

— егер адам ес түссіз болса мұрнына мүсәтір спиртпен дымқылдан-ған мақтаны апару қажет;

— егер демі болмаса өкпесіне жасанды демалдыру жасап тез арада «Жедел жәрдемді» шақыру қажет.

Тек осы ережелерді қатаң орындасаңыз, Сіздің өміріңіз бен денсау-лығыңызды, үйіңіз бен мүлігіңізді сақтауға көмектеседі.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00