Серминар кеңес өтті

18 Ноябрь 2020

Серминар кеңес өтті

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына байланысты, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 14 қарашасына Мойынқұм ауданы бойынша сайлау комиссия мүшелерін оқыту үшін семинар-кеңес өткізілді. Аудан бойынша семинар-кеңеске аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төраға орынбасары және хатшылары қатысты. Семинар-кеңеске Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Мадиева Сара Қабылбекқызы және облыстық деңгейде  арнайы сертификатталған спикерлер қатысты.

Семинар-кеңесті аудан әкімінің аппарат басшысы Көшкімбаев Манарбек Өсербекұлы ашып, жүргізіп отырды.

Алғашқы дәрісті Далиева Гулмира Бухашовна «Қазақстан Республикасы мәслихаттары  депутаттарының сайлауын пропорционалды жүйе бойынша ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында бастады. Оқытуды тек теориялық әдіспен емес практикалық түрде де жүргізілді. Арасында ситуациялық тапсырмаларды комиссия мүшелерімен бірге талқылып, өз тәжірбиелерімен бөлісті.

Келесі дәрісті Стыбаев Бауыржан Шилдебаевич «Дауыс беру және мәслихаттар депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру қорытындыларын анықтау тәртібі»  тақырыбында жүргізді. Комиссия мүшелерімен пікір алмасу жүргізіп, қойылған сұрақтарына толық жауап берілді.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00