ШЕРХАН 138 БАЛЛ АЛДЫ

25 Июнь 2019

ШЕРХАН 138 БАЛЛ АЛДЫ

Өткен аптаның жексенбісі күні аудан орталығындағы М.Жұмабаев атындағы лицейдің базасында алғашқы топтың 108 түлегі өздерінің Ұлттық бірыңғай тестте бақтарын сынады.
ҰБТ басталар алдында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Жұмабеков Мейрам Кеңесұлы тест тапсырудың ережелері жайлы айта келіп, жас түлектерге сәттілік тіледі. Ал білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев жас түлектерге еш қобалжудың жоқтығы жайлы айтып, алабұртқан көңілдерін басты.
Алғашқы топ бойынша ортақ көрсеткіш 95,6 пайызды құрады. Жекелеген оқушылар арасында Айдарлы ауылындағы №2 орта мектептің оқушысы Әшімханов Шерхан Серікханұлы 140 мүмкіндіктен 138 балл алып, көш бастады.
Бүгін екінші топта 82 оқушы 3-ке бөлініп, тест тапсыратын болады. Олардың да жоғары балл алуларына тілектеспіз.
Шерхан 138 балл алды

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00