«Халық заңгері» республикалық акциясы

3 Декабрь 2019

«Халық заңгері» республикалық акциясы

Өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде  «Халық заңгері» республикалық акциясы  аясында   азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, халықтың құқықтық сауаты арттырылды. Өткізілген акция барысында әр азамат Мойынқұм ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы Қ.Ізбасаровадан, Қорғау жобасы бойынша Мойынқұм ауданындағы заң кеңесшісі, әрі Жамбыл облыстық заң консультанттары палатасының мүшесі М.Есіркеповтен, Жамбыл облыстық нотариалдық округінің нотариусы С.Бидилдаевтан және Мойынқұм ауданы заң кеңсесінің меңгерушісі О.Ахметтен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіліп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Қабылдау соңында азаматтар алған кеңестері  және құқықтық көмек көрсетілгені үшін алғыстарын білдірді.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00