ЖҮГЕРІГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

7 Октябрь 2019

ЖҮГЕРІГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Халықты азық-түлік және өнеркәсіпті шикізаттың түрлерімен қамтамасыз етуімен ерекшеленетін маңызды саланың бірі –ауылшаруашылығы  саласы. Әсіресе, қара жерден  өз несібесін тауып жүрген шаруалардың еңбегі ерекше. Ауданда «Дала аруы» атанған жүгері дақылына  орақ салынып, шаруалар бітік шыққан жүгеріні жинау науқанын бастап кетті.-Біздің «Байбарақ-Агро» деп аталатын кооперативіміздің 100 гектардан астам жері бар. Қазір соның 30 гектарына жүгері егіп, енді соған  орақ салып жатырмыз. Бақшада еккен болатынбыз. Бақша өнімімен ауыл тұрғындарын қамтамасыз еттік. Өнімділігіне келетін болсақ жүгері бітік шықты, 120 центнердің әр гектардан 12 тоннадан өнім алып отырмыз, – дейді «Байбарақ — Агро» кооперативінің төрағасы Алмабек Әбдіхалықов.Биыл Бірлік ауылдық округі бойынша  егістік аумағы 1546 гектар болса, соның 425 гектар жеріне жүгері дақылы егілді. Сондай-ақ,  ауылдық округтен шабылған жүгеріні жинау үшін арнайы қырман мен техникаларды сақтауға  арналған  МТС  соғылды.

– Аудан бойынша 5074 гектар суармалы жерді игеріп, ал оның 1165 га алқабына дәндік жүгері егілген болатын. Осы дәндік жүгеріні жинау үшін шаруалармен келісе отырып «Херсонец-9» атты комбаиынның 3-еуін алдық. Қазір біреуі Кеңес ауылында, ал екеуі Бірлік ауылының шаруа қожалықтарының жүгерісін шауып жатыр. Аудан бойынша негізінен жүгері, тарыға орақ салынып жатса, ал бақша, көкөніс өнімдерін жиналып, бітіп қалды. Қазіргі таңда  жүгерінің 70 гектары орылса, түсім әр гектардан 12 тоннадан айналып отыр. Ендігі міндет жиналған өнімді игілікке жарату, – дейді аудандық ауылшаруашылығы  бөлімінің  басшысы  Қызыр  Елеусізов.

Араға жиырма жылдан астам уақыт салып, биыл ғана қайтадан қолға алынған дәндік жүгеріні аудан шаруалары, келер жылы  көптеп егіп, алқаптарын кеңейтуді көздеп отыр. Ендеше шаруалардың ала жаздай төккен тері текке кетпей еңбектері жемісті болсын демекпіз.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00