ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

1 Октябрь 2019

    ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Өткен аптада аудандық ақпараттық топтың мүшелері «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы Сүндетулла Әбілов пен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Самат Өскенбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты   Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Күшаман, Жамбыл ауылдарының халқына  түсіндіру бойынша жиын өткізді.

Күшаман ауылындағы мектепте өткен жиынды ауыл әкімі Кеңесбай Сарбасов, ал Жамбыл ауылындағы мектепте өткен  жиынды ауылдық округтің әкімі Ермак Жұмабеков ашып, жүргізіп отырды. Жолдауда айтылған «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бағыттарына  жеке-жеке тоқталған олар, оны өз ауданымызда атқарылып жатқан игілікті істермен байланыстыра отырып баяндады.Екі ауыл халқында Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтің халықтың тұрмысын жақсарту жолындағы жаңа жобасымен де таныстырды. Жобадағы 5 бағыт мысалдар келтіре отыра түсіндірілді.Күшаман ауылында А.Бекбергенова ауылдағы ауыз судың сапасы туралы сұраса, Жамбыл ауылындағы жиында мектеп мұғалімі А.Кенжебеков ауылда егін суының 4 айдан бері жоқтығына қынжылыс білдірді. Соның кесірінен үй іргесіндегі егістік жерлер пайдаланылмай қалғанын айтты.  Жалпы жиындарда екі ауыл  халқы да Президент Жолдауын қолдайтындықтарын білдіріп, ондағы айтылған мәселелердің орындалуына үлес қосатындарын жеткізді. Сондай-ақ облыс әкімінің жобасы да орынды екенін атап өтті.Жиында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы да мағлұмат беріліп, аудандық «Мойынқұм таңы» газетіне 2020 жылға жазылу туралы да сөз қозғалды.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00