«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

2016 жылғы 1 қараша № 547

Алматы облысы Әділет
департаментінің 2016 жылғы
2 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4024 болып енгізілді

«Сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серікжан Іслямұлы Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшiне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. Баталов

Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы «01» қарашадағы
№ 547 қаулысымен
бекітілген

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ақысыз жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі — стандарт) негізінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім немесе стандарттың 10-тармағындағы көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерінің)
iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілі) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын тапсырады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы стандарттың 4-тармағына сәйкес.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі.
1) бірінші іс-қимылдың нәтижесі — көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау;
2) екінші іс-қимылдың нәтижесі — көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) үшінші іс-қимылдың нәтижесі — мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
4) төртінші іс-қимылдың нәтижесі — мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
5) бесінші іс-қимылдың нәтижесі — көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы;
жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
комиссия.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау осы регламенттің қосымшасы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы» келтірілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындаудың ұзақтығы стандарттың 4-тармағына сәйкес.
4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы;
2) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы;
3) жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00