«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

21.01.2019 редакциясында
ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 01.02.2019 жарияланды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21
қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 18231 болып тіркелді
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды
алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016
жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ӛткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығына (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай ӛзгеріс енгізілсін:
кӛрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ӛткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет
стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және
орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның кӛшірмесінің
мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4)
тармақшаларында кӛзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз
етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 151 бұйрығына
қосымша
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ӛткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік кӛрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік кӛрсетілетін
қызмет).
2. Мемлекеттік кӛрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – кӛрсетілетін қызметті беруші)
кӛрсетеді.
Ӛтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижесін беру:
1) кӛрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)
арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті кӛрсету мерзімдері:
1) кӛрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған
күннен бастап:
1-кезең: сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін
айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 23 (жиырма
үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті кӛрсету мерзіміне
кірмейді, бұл ретте кӛрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижесін Мемлекеттік
корпорацияға мемлекеттік қызметті кӛрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді;
2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жер учаскесіне жер пайдалану
құқығын беру туралы шешім шығару 7 (жеті) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) барынша жол берілетін қызмет кӛрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті кӛрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижесі – кӛрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық
беру туралы шешімі не осы Стандарттың 10-тармағында кӛзделген негіздер бойынша мемлекеттік
қызметті кӛрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – кӛрсетілетін қызметті алушы) тегiн
кӛрсетіледі.
8. Мыналардың:
1) кӛрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және
мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен,
сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін.
Ӛтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға
дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша алдын ала жазылусыз және
жеделдетіп қызмет кӛрсетусіз, кезек тәртібімен кӛрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына
және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден
бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеделдетіп қызмет кӛрсетусіз және
алдын-ала жазылусыз, «электрондық кезек» тәртібімен кӛрсетіледі, электрондық кезекті «электрондық
үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы броньдауға болады.
9. Кӛрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның ӛкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар
адамдар кӛрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне және Мемлекеттік корпорацияға бір данада мыналарды
ұсынады:
1-кезең:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беруге арналған
ӛтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
2-кезең:
бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Кӛрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап
етуге жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді
тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік
құқығын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, жер учаскесіне
ауыртпалықтың жоқ екені туралы мәліметтерді кӛрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік
корпорацияның жұмыскері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық
жүйелерден алады.
Кӛрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан
Республикасының заңдарында ӛзгеше кӛзделмесе, мемлекеттік қызметтер кӛрсету кезінде ақпараттық
жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға кӛрсетілетін қызметті
алушының келісімін алады.
Кӛрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
кӛрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз тасығыштағы ӛтініштің қабылданғанын
оның кӛшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты кӛрсетіле отырып, кеңседе
тіркелгені туралы белгі растайды;
Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – кӛрсетілетін қызметті алушыға ӛтініштің
қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды кӛрсетілетін қызметті алушыға (не ӛкілеттігін
растайтын құжат бойынша оның ӛкіліне) беру жеке куәлігін кӛрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі
сақтау үшін кӛрсетілетін қызметті берушіге береді. Кӛрсетілетін қызметті алушы бір ай ӛткеннен кейін
жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша кӛрсетілетін қызметті беруші дайын
құжаттарды кӛрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Кӛрсетілетін қызметті алушы Стандарттың осы тармағында кӛзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы Стандартқа 2-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӛтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10. Мемлекеттік қызметті кӛрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) кӛрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың
және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) кӛрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның
негізінде кӛрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік кӛрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы
құқығынан айрылуы;
3) кӛрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті кӛрсету үшін қажетті
ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан
Республикасы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының екінші бӛлігінде және 6-тармағында, 43-бабы 3-
тармағының алтыншы бӛлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бӛлігінде, 50-
бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе)
оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Министрліктің, кӛрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,
Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер кӛрсету
мәселелері жӛніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым кӛрсетілетін
қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандарттың
15-тармағында кӛрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не кӛрсетілетін қызметті берушінің немесе
Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Кӛрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды
қабылдаған адамның аты-жӛні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны кӛрсетіле отырып,
оның тіркелуі (мӛртабан, кіріс нӛмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның
ӛкілі қол қояды.
Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда
қабылданғанын оның тіркелуі (мӛртабан, кіріс нӛмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына
немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы
кӛрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нӛмірі мен күні
кӛрсетіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс
орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, кӛрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» арыз
туралы ақпарат қолжетімді болады, ол кӛрсетілетін қызметті берушінің арызды ӛңдеуі (жеткізілгені,
тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында
жаңартылып отырады.
Кӛрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп
түскен кӛрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы
тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап кӛрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал
арқылы жіберіледі не кӛрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік
корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кӛрсетілетін қызметті алушы
мемлекеттік қызметтер кӛрсету сапасын бағалау және бақылау жӛніндегі уәкілетті органға шағыммен
жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер кӛрсету сапасын бағалау және бақылау жӛніндегі уәкілетті органның атына
келіп түскен кӛрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде
қаралуы тиіс.
12. Мемлекеттік қызметті кӛрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, кӛрсетілетін қызметті
алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы
нашар кӛрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті кӛрсету үшін
құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен
Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті кӛрсету үшін кӛрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті
құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың
тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған
орындар), ӛртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Кӛрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары мүмкіндігі
шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
15. Мемлекеттік қызметті кӛрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтер»
бӛлімінің «Мемлекеттік қызмет кӛрсету орындарының мекенжайлары» – «Жергілікті атқарушы органдар»
кіші бӛлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
16. Кӛрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс
орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті кӛрсетудің тәртібі мен
мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер кӛрсету мәселелері жӛніндегі анықтама қызметтерінің байланыс
телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
«Сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
ӛткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік
кӛрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
(кімге): __________________
әкімі
(облыс, қала, аудан, кент,
ауыл, ауылдық округ)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі
(кімнен):
_____________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі
____________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нӛмірі
не бизнес сәйкестендіру нӛмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның немесе
заңды тұлға ӛкілінің жеке
____________________________
басын куәландыратын
құжаттың деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны
(бар болса), орналасқан
____________________________
мекенжайы (заңды тұлғалар
үшін) не тұрғылықты
____________________________
мекенжайы (жеке тұлғалар
үшін))
Жер учаскесіне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш
___________________________________________________________________
(жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)
________________________ мекенжайында орналасқан, алаңы __________ гектар,
______________________________________________________________ арналған,
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
___________________________________________________________ құқығындағы
(құқық түрін кӛрсету керек)
жер учаскесін ___________________________________________________________
(2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
_______________________________________________________________________
50-бабының 2-тармағына сәйкес басқа жер учаскесінің бары-жоғы)
беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
Кӛрсетілетін қызметті алушы __________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлға ӛкілінің
_______________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса). тегі, қолы)
«Сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
ӛткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік
кӛрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(кӛрсетілетін қызметті
алушының
___________________________
аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі
____________________________
не ұйымының атауы,
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы филиалының №_____ бӛлімі (мекенжайын кӛрсету) Сіздің осы Стандартта кӛзделген тізбеге
сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________________________________;
2) ________________________________________________________________
ұсынбауыңызға байланысты, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)
ӛткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
мемлекеттік қызметін кӛрсетуге арналған ӛтінішіңізді қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды
_______________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Телефоны (бар болса) ________________________________________________
Алдым: ____________________________________________________________
(кӛрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,қолы)
20___ жылғы «_____»________________________

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00