Өтініш-арыздар туралы ХАБАРЛАМА

Өтініш-арыздар туралы ХАБАРЛАМА

                                                                        Өтініш-арыздарды қарау тәртібі

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  №221 заңына сәйкес, өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және(немесе) заңды тұлғаның өтініші  күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.

Қарау үшін өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субьектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен  күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

Өтінішті қарау мерзімін субьектінің басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.

 

Егер өтініште баяндалған мәселерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтінішті түпкілікті  орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

 

 

Аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің жұмысы туралы

2017 жылдың 3 айына

АНЫҚТАМА

 

Құжат айналымы бойынша

2017 жылдың  3 айында  аудан әкімі аппаратының құжат айналымы 3044 құрады. Аппаратқа — 2294 (2016ж.-2192) кіріс құжат түссе оның ішінде, Қазақсан Республикасының Президентінің Жарлығы 4, Үкімет қаулысы 3, облыс әкімдігінің қаулысы 47, облыс әкімінің өкімі 2, облыс әкімінің әр-түрлі хаттамалары — 18, қызметтік хат облыс әкімі аппаратынан – 718, облыстық  басқармалардан – 665, републикалық және жергілікті мекемелерден  түскені хаттар саны — 839.

Шығыс  құжаттардың саны 750-і (2016ж.-806) құрайды. Кіріс және шығыс құжаттардың былтырғы жылмен салыстырғанда арасалмағы 102 құжатқа артса, шығыс құжаттары 56 құжатқа кеміген.

Өтініштер  бойынша

Аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2017 жылдың 3 айында барлығы 198 (2016ж. — 238) өтініш арыз түскен.  Оның ішінде заңды тұлғалардан  – 122 (2016ж. — 149)өтініштерді талдап айтқанда: жер мәселесі бойынша -16, қаржы мәселесі — 15, кәсіпкерлік мәселесі — 30, мәдениет саласы -4, білім саласы — 7, тұрғын-үй мәселесі -9, әртүрлі мәселелер -36.  Аудан әкімі аппаратына  заңды тұлғалардан түскен өтініштердің 80 түсінік берілсе, 8 өтініш қанағаттандырылып 34 өтініш қаралу үстінде.

Жеке тұлғалардан  76 (2016ж.- 89) өтініш тіркелген: жер мәселесі —10, жұмыс орналастыру —13, әлеуметтік көмек сұрағандар —15, әртүрлі мәселелер —38. Осы түскен өтініштердің аудан әкімі аппаратында қаралғаны — 52, төменгі органдарға жіберілгені – 12, каралу үстінде – 12. Жыл басынан бері аудан әкімінің жеке қабылдауында 27 аудан әкімінің орынбасарларында барлығы 18  азамат жеке қабылдауда болды. Жыл басынан бері аудан әкімінің блогына — 5, сенім телефонына өтініш түспеген, келген барлық өтініш-арыздарға Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып жауаптары уақытылы жолданып отырды, 2017 жылдың 3 айында мерзімі бұзылған өтініш  жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00