ЖАС БОКСШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ЖАС БОКСШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Мәден Мұсаев бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында жақында Өскемен қаласында өткен Қазақстан біріншілігінің чемпионы, жерлесіміз Болашақ Мейрамды қабылдап, жас былғары қолғап шеберіне сый-сияпат жасады.
Болашақ №19 аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Б.Сүйкімбековтің шәкірті. Бокспен айналысқанына алты жыл болды. Осы жылдар ішінде ол өзінің тынымсыз еңбегі мен төккен терінің арқасында үш рет облыстық жарыстың жеңімпазы, Оңтүстік-Батыс аймақтық чемпионатының, Қазақстан чемпионатының чемпионы атағына қол жеткізді. Болашағынан көп үміт күттіретін жас пері алда +80 килограмм салмақта Дубай қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.
Қабылдау барысында аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы жас боксшыға Азияның, әлемнің, Олимпиадалық ойындардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00