ЖАС МАМАН-2019

ЖАС МАМАН-2019

Жақында аудан орталығындағы Аула клубы мекемесінің ұйымдастыруымен жас ұстаздардың біліктілігін арттырып, өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, жауапкершілікке баулу мақсатында мектепішілік «Жас маман-2019»
Байқаудың ашылуында мекеме директоры Жәнібек Мұсатаев жас мамандарға сәттілік тілеп, аталған байқауда көзге түскен ұстаздар аудан, облыс көлеміндегі байқауларға қатысатынын тілге тиек етті.
Байқауға қатысушылар таныстыру, мұғалімнің мектеп өміріндегі қызықты сәтінен қойылым қою, жаңа сабаққа белгілі бір уақыт ішінде жоспар құру, ашық сабақ өту (мастер класс), үй тапсырмасы атты кезеңдері бойынша сынға түсті.
Әділқазылар жанды дауыста ән айтқан, би билеген, сондай-ақ шоқтығы биік қолөнер шеберлерінің құпия сырын меңгерген ұстаздардың өнеріне тәнті болды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені би үйірмесінің жетекшісі, қарсыластарынан оқ бойы оза шыққан Айша Оспанбекова жеңіп алды. І орынды «Алтын сақа» үйірмесінің жетекшісі Жолдас Ескермесов, ІІ орынды «Бейнелеу өнер» үйірмесінің жетекшісі Мақпал Ешенқұлова, ІІІ орынды «Қазақ тілі» үйірмесінің жетекшісі Лаура Оңғарбаева иеленді. Ал ерекше өнерлерін паш еткен үйірме жетекшілері Ғани Сқақов пен Айгүл Әбенова да номинациялар бойынша ескерткіш сыйлықтарға ие болды.
Байқау соңында аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Дидар Бекжанова сайыстың өз деңгейінде өтуіне атсалысқан мекеме директорының орынбасары Алтын Алишева мен педагог-психолог Луйза Маралбаева, Гүлзат Татешоваға Алғыс хатын табыс етті.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00