Әкім орынбасарлары

Әкім орынбасарлары

Естаев Мұратхан Тұрарханұлы 1959 жылдың 14 тамызында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген (1981ж). Инженер-құрылысшы.

Тұрғын үй құрылысы Комбинатының «Жамбулстрой» формалау цехының, арматура цехының шебері, арматура цехы бастығының міндетін атқарушы (1981-1983жж.);

Мойынқұм Жылжымалы Механикалық Колоннасының құрылыс шебері, аға прорабы (1983-1984жж.);

Мойынқұм аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы (1984-1985жж.);

Мойынқұм аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы (1985-1989жж.);

Мойынқұм аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1989-1990жж.),

Мойынқұм аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары (1990-1992жж);

Мойынқұм жол жөндеу мекемесінің бастығы (1992-1998жж.);

«Айша-Т» ЖШС бас директоры, Мойынқұм ауданы (1998-2003жж);

2003 жылдың шілде айынан бастап Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары.

Отбасылы, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

 

 

     Есеев Бақытжан Жапарұлы 1961 жылдың 12 ақпанында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген.

Қазақ политехникалық институтын бітірген (1988ж). Инженер-механик.

ЖМК-45 мекемесінің жұмысшысы (1978-1980жж);
Совет Армия қатарында (1980-1982жж); ЖМК-45 мекемесінің жұмысшысы (1982-1983жж);
Қазақ политехникалық институтының тыңдаушы студенті (1983-1988жж);
ЖМК-45 мекемесінің жұмысшысы, механигі (1988-1991жж);
Мойынқұм аудандық халық депутаттарының аудандық кеңесінің консультанты (1991-1992жж);
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және бақылау жұмысы бөлімінің референті, бөлім меңгерушісі (1992-1994жж);
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары (1994-1995жж);
Мойынқұм ауданы әкімиятының өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі (1995-1998жж);
Мойынқұм ауданы геологиялық барлау экспедициясының бастығы (1998-2001жж);
Шу ауданы СМП-2 мекемесі бастығының орынбасары (2001-2003жж);
Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2003-2005жж);
Шу ауданы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі (2005-2006жж);
Шу ауданы әкімі аппаратының жетекшісі (2006-2010жж);
2010 жылдың шілде айынан бастап Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

 

Қалымбетов Бақытжан Алдасүгірұлы1975 жылдың 3 желтоқсанында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген (1997ж). Инженер-электрик.

2012.05.18 М.Х. Дуатти атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Мойынқұм ауданы, «Қайнар» шағын мемлекеттік кәсіпорынның аға прорабы, «Батрис-Юг» сақтандыру компаниясының сақтандыру агенті (1997-1998жж);

Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс бөлімінің инструкторы, аудан әкімшілігінің ауылшаруашылық өнімдерін дайындау бөлімінің жетекші маманы (1998-1999жж);

Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс  және бақылау бөлімінің консультанты (1999-2000жж);

Мойынқұм ауданы Ақсүйек кенттік округінің әкімі (2000-2010жж);

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары.

Отбасылы, үш ұл тәрбиелеп отыр.

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00