Аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Нәметқұловтың Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

31 Декабрь 2020

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Нәметқұловтың Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Құрметті мойынқұмдықтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұйымдастыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.
Өткен 2020 жыл біздің еліміз үшін естен кетпес жарқын оқиғаларға толы болды. Облыс, аудан көлемінде де көп жұмыс атқарылды. Туған өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуында мол табыстарға қол жеткіздік. Президентіміз Қ.Тоқаевтың халыққа дәстүрлі Жолдауынан бастау алған жақсылықтарды өз өмірімізде айқын сезіндік. Барлық әлеуметтік топтарға жасалған мемлекеттік қамқорлық бақытты өмірдің айқын көрінісін орнықтырды. Қоғамдағы саяси тұрақтылық және халықтардың шынайы достығы біздің барлық табыстарымыздың кепілі болды. Отансүйгіштік қасиеттер мен ұлттық құндылықтарымыз биік идеал мен асыл мұраттарымыздың орындалуына зор күш берді. Еліміздің өсіп-өркендеуіне индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды серпін берді. 2021 жылы да біз нық сеніммен алға қадам басып, Президент жүктеген міндеттерді бірлесіп абыроймен атқарамыз деп ойлаймын.
Құрметті мойынқұмдықтар! Жаңа жылды жақсы көңіл-күймен, ақ ниетпен, ізгі тілекпен қарсы алуларыңызға тілектеспін. Әрбір шаңырақта ырыс, молшылық, түсіністік пен сүйіспеншілік салтанат құрсын. 2021 жыл армандарыңыз орындалып, үміт пен сенім ақталатын жыл болсын. Жаңа жыл бақыт пен береке, шаттық пен шуақ алып келсін. Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!

Последние новости

Телефон приемной

8 (00000) 0 00 00